
Павлодар облысында бетон плитасы құлап кеткен құрылысшы алған жарақаты салдарынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
«2022 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 12:21-де полицияға Ақсу ауданы Қалқаман ауылында болған қайғылы оқиға туралы қоңырау түсті. Белгілі болғандай, Промышленная көшесі, 1 мекен-жайында құрылыс жұмыстарын жүргізген ЖШС-тің 25 жастағы қызметкерінің үстіне үйдің бетон қоршауы құлаған», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер жұмыс орнында болған оқыс жағдайға байланысты тексеріс жүргізіп жатыр.
https://turkystan.kz/article/195423-ustine-beton-plitasy-kulagan-zhumysshy-kaza-tapty/