Гузалия Гафурова Азия ойындарынан оралды (Фоторепортаж)

0

Индонезияда өтіп жатқан Азиадада жеңіске жетіп, алтыннан алқа тағынған каратэші Гузалия Гафурова туған жері – Тараз қаласына оралды.  Жарыс барысында қабырғасынан айтарлықтай жарақат алғанына қарамастан, қарсылас шақ келтірмеген даңқты спортшыны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков бастаған жамбылдық жұртшылық халықаралық «Әулиеата» әуежайынан зор қошеметпен қарсы алды.