Елімізде жәрдемақы көлемі өсті

0

Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы 5 пайызға өсті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен берілетін баламалы төлемдерді индексакциялау есебінен  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы осы санаттағылардың барлығына 5 пайызға артты.

Бұл  88,3 мың еңбекке жарамсыз болып қалған әлеуметтік жәрдемақы алатын және 50,1 мың асыраушысынан айырылған әлеуметтік жәрдемақы алатындарға қатысты.

«Осы орайда, еңбекке жарамсыз болап қалған жағдайда  берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы көлемі  15,9 мыңнан 16,6 мың теңгеге дейін, асыраушысынан айырылғанда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы  20,6 мыңнан  21,7 мың теңгеге дейін өсті», – делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.