ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БІРЛІГІ БЕКЕМ

0

Биыл бұл шараға 70 адам қатысып, жиналған 50 литр қанды облыстық қан орталығына өткізген. Ақжелкендіктер бұл шараны қан донорлығына мұқтаж балаларға көрсеткен көмегіміз дейді.
Жиында М.Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі Мұхаббат Тұрдиева Елбасының биылғы Жолдауы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отырғанын айта келіп, өзі жетекшілік ететін бірлестіктің жұмысына тоқталды. «Біздің этномәдени орталығымыз 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2007 жылы мен осы бірлестіктің жетекшісі ретінде сайландым. Содан бері 11 жыл өтті, осы уақыт ішінде көп жұмыстар атқарылды. Жыл сайын біз қайырымдылық жасауға көп көңіл бөлеміз. «Мектепке жол», «Қамқор», «Қайырымдылық керуені» атты үлкен іс-шараларды өткізіп келеміз. Биыл наурыз мерекесінде 5-ықшамауданындағы 700 адам тұратын үлкен жатақхана тұрғындарының 600-іне дастарқан жайып, үлкен тайқазанмен күріш басып, тараттық. Жастарымыз концерт қойып, тұрғындардың көңілін бір серпілткен жайы бар. Сонымен қатар, облыстық Ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармасынан көптеген жобаларды алып, конкурстарға қатысып, өзге ұлттың мүшелерін тартып, соларға қазақ тілін үйретуге атсалысып жүрмін», – деді. Мұхаббат Тұрдиева өзінің «Тіл жанашыры» медалімен марапатталғанын осындай жұмыстардың нәтижесі дейді. Сондай-ақ, өзбек ұлтының жетекшісі Абдурахман Зайнудинов мәселе көтерді. «Бүгінде өңірімізде 30 мың өзбек бар. Олардың көбінің Өзбекстанда туысқандары тұрады. Олар осында қонаққа қыдырып келіп, миграциялық полицияға барып тіркеуге тұрғанда көптеген қиындықтарға тап болып жатады. Мен мұнда жұмыс істеу үшін немесе тағы да басқа мақсатпен келгендерді айтып тұрған жоқпын. Қыдырып келгендерді де миграциялық полиция қызметкерлері сұрақтың астына алады. Осы мәселені реттеуге бола ма?» – деді. «Мұндай мәселенің барын мен алғаш рет естіп отырмын. Егер бұлай болса, сөз жоқ ретке келтіру керек» деген облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл мәселе бақылаусыз қалмайтынын айтты. Бірқатар этномәдени бірлестіктің өкілдері өздері кездесіп отырған қиындықтардан шығудың жолдарын облыс әкімінің берген тұшымды жауабынан тапқандай болды.
Кездесу соңында өңір басшысы Асқар Исабекұлы қолға алынған шаралардың бәрі – Елбасы саясатының жемісі екенін айта келіп: «Мақсат біреу, бір ел ол – Қазақстан. Біз ешкімді ұлтқа бөлмейміз. Бір ғана халық бар – біз бәріміз қазақстандықтармыз» деп, этномәдени бірлестік жетекшілерін алдағы уақытта да өңірімізді өркендетуге аянбай тер төгуге шақырды.

Камила Борашева

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі ауызбіршілігі жарасқан этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдері өздерінің көкейінде жүрген ойларын айтып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Жиында алғаш сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева биылғы
9 айда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Бүгінде аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы 80 этномәдени бірлестіктің мүддесін бір арнаға тоғыстырып, жұмыс атқаруда. Оның 26-сы облыс орталығында, 1-еуі қалада, 48-і аудандарда құрылған. Биылғы 9 айда облыстық Ассамблея және этномәдени бірлестіктері 50 мың адамды қамти отырып, 672 іс-шара өткізді. Осы шараларға және арнайы әлеуметтік зерттеулерге қатысқан респонденттердің 96,6 пайызы өздерін «қазақстандықтар, яғни Қазақстан халқының өкілдеріміз» деп санайтынын нақты істе көрсетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда біршама жоғарылаған, – деді Маржан Төреғұлқызы.
Ассамблея хатшылығы қайырымдылық шаралары мен медиацияны дамытуға ерекше басымдық беріп отырғаны бай­қа­лады. Сонда ашылған медиация ка­би­не­ті­не бүгінге дейін 621 адам қайы­рылуы – осы сөзіміздің дәлелі. Оның 481-і медиа­циялық жолмен шешілген. Сонымен қатар, қайырымдылық жасау­шы­лар мен меценаттар, донорлар мен еріктілердің бірыңғай деректер қоры құрылған. Ал, «Ақ желкен» жастар лигасы жыл сайын «Ерікті донор» акциясын ұйымдастырып отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.