«Ынтымақ шеруі» көп көңілінен шықты

0

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл,Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында «Ынтымақ шеруін» ұйымдастырды.
Этносаралық және қоғамдық келісімді дамытуды көздеген іс-шарада қатысушылар Тараз, Шымкент қалаларындағы «Достық үйі – Қоғамдық келісім» орталығының және оның құрылымдық бөлімдерінің қызметімен танысып, этномәдени орталықтар, Аналар, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚХА мүшесі Л.Хочиева «Ынтымақ шеруі» жобасы, яғни, дәл Алматы облысының бастамасымен ұйымдастырылған «Рухани Жаңғыру» жобасы аясындағы достық шеруі, менің ойымша, теңдессіз, үздік жоба. Себебі, жалғастырушы ұрпаққа қатысты. Жастар достық пен татулықты алып жүрулері қажет» деді.
Әр қалада өткен кездесулер облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының шығар­машылық концерттік бағдар­ла­ма­сымен аяқталып отырды. Сахнада әр этностың музыкасы естіліп, әндері мен билері кезектесіп орындалды.

«ҰШ» ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.