Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы

0

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Мемлекеттік тіл және Елбасы» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Шараны ТарМПУ ректоры Ерболат Әмірбекұлы кіріспе сөзбен ашып, дөңгелек үстелді облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова жүргізді.
Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е. Дүйсембаев, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры С. Түменбаев; Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Б. Бекназаров; М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы Б. Мырзабаева; облыстық «Арай» газетінің бөлім меңгерушісі Н. Қадірәлі. қатысып, мемлекеттік тілді дамытудағы Елбасының рөлі туралы баяндамалар жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.