Сұлулық әлемді құтқарады

0

Жер бетіндегі ару біткеннің бәрі де сұлу. Әдемілік қыз баласына туа сала Құдайдан берілетін қасиет болса керек. Қыздарын қырдың гүліндей аялап өсірген халқымыз болашақ ана деп бойларына салт пен дәстүрді де сіңірген. Әр ұлттың ерекшелігі қыздары мен ұлдарының өн бойынан көрінері хақ.

Біз газетімізде Қазақстанда бір үйдің балаларындай тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан түрлі ұлт өкілдерінің сұлуларының сымбаты мен сән-салтанаты, алғырлығы мен ақылы сынға түсер «Ассамблея аруы» байқауын ұйымдастырғанды жөн көрдік.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев арулар мен аналарға арнап айтқан сөзінде: «Біздегі әйелдер жұмыста, шығармашылықта, спортта, ғылымда табыстарға жетуде. Сонымен қатар, отбасының да сақтаушысы болып қалып отыр. Қазақстандық әйелдердің қайталанбас осы ерекшелігі – қоғамымыздың сондай мықты тірегі әрі біздің этносаралық және дінаралық келісім үлгісі сияқты танымал брендіміз», деп ерекше атап өткен болатын.
Түрлі ұлт пен ұлысқа мекен болған Қазақстан әлемге бейбітшілік пен татулықтың үлгісін паш етіп келеді. Ендеше, үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген қазақ қыздарымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің аруларын осы байқауға қатысуға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.