Асанәлі Әшімовтың «Әруақ» филмі көрсетілді

0

Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жоспарға сай облыстық кино орталығымен бірлесе жазасын өтеушілерге Асанәлі Әшімовтың «Әруақ» филмі көрсетілді.

Сюжетте Ағатай есімді жалғыз басты қарт туралы баяндалады. Оның кемпірі қайтыс болған, екеуінен ұрпақ та өрбімеген. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Қария өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздейді. Әйтсе де ол балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек балаға кезігіп, бастапқы жоспарын бұзуға мәжбүр болады. Картина идеясының авторы – Асанәлі Әшімовтің өзі. Түсірілім 2018 жылы жүргізілді. Сценарий авторлары – Қуат Ахметов пен Одильша Агишев.

Көркем туынды сотталғандарға үлкен әсер қалдырды.

Й

Leave A Reply

Your email address will not be published.