Еселі еңбек еленген күн

0

 Тарихтың темірқазығына баланып Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Тараз қаласы бүгінгі күні мәдени және рухани дәстүрін жоғалтпай, күн сайын қарқынды дамуда. Өткен жылдар келбетін сақтай отырып, жаңа кейіпке ие болып келе жатқан көне шаһар әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да тек алға ілгеріліеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне де зор үлес қосуда. Бұл бірінші кезекте бірлігі мен тірлігі жарасқан қала тұрғындарының өзгелерге үлгі боларлық ерен еңбектерінің жемісі екені сөзсіз.

Бүгін сүйікті шаһарымыздың туған күніне орай қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қала басшысы Ержан Жылқыбаев бір топ еңбек адамдарын арнайы марапаттады. Салтанатты шарада сөз алған қала әкімі көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жолдады.

– Шаһарды көркейту жолында атқарылған жұмыстар жұртшылықтың көз алдында.  Қаламыз бүгінде құлпырып, адам танымастай өзгеріп келеді. Күні кеше ғана бірқатар нысан халық игілігіне берілді. Пандемия жағдайын қарамастан өңірдегі барлық салада ілгерілеу басым. Бұған осында баршаңыздың қсоқан үлестеріңіз зор. Сондықтан айтулы мерекеге орай қаламыз аянбай тер төгіп, оның күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп жүрген еңбекқор, ұйымшыл азаматтарға алғыс білдіріп, марапаттауды жөн санадық. Өйткені олар қандай құрметке болса да лайық. Олардың еткен еңбегі Тараздың әрбір тасына таңбаланған, – деген Ержан Жұматұлы марапат иелеріне Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.