Тараздың атын төрткүл әлемге таныта беремін

0

Тәуелсіздік жылдарында қаншама оғланымыз көк Туымызды желбіретіп, байрақты бәсекелерде атой салды. Солардың арқасында күллі әлем қызыға қарайтын спорт державасына айналдық. Қай спортты қарасаңыз да қазақ ұландарының есімі ерек аталады. Солардың бірі – Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали.

– «Спорт – денсаулық кепілі», – деген сөз тегін айтылмаған. Өйткені шыныққан адамның денесі де шымыр болады. Күн сайын жаттығу жасап, өзіңді бабыңда ұстау зор жігер мен қайратты талап етеді. Сондықтан да мұнда әлсіздерге орын жоқ. Елімізде бүгінде бұл салаға барынша қолдау көрсетіліп, параспортшыларға да барлық жағдай жасалуда. Соның нәтижесінде талай мақтаныштарымыз ел айбынын асырып, Әнұранымызды шырқатып жүр.  Солардың сапынан өзімнің де табылғаныма қуаныштымын.  Алдымызда сүйікті қаламыздың туған күні келе жатыр. Соған орай  шаһарымыздың шырайы артып, келбеті күндей жарқырай берсін деп тілек білдіргім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Әнұранымызды әуелетер саңлақтарымыздың қатары көбейе берсін!, – дейді Нұрдәулет  Мақсұтұлы.

z-taraz.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.