Шу ауданында «Ұстаздар күні» аталып өтті

0

Бүгін Бірлік ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде аудан әкімінің орынбасары Серік Сәрсенбековтың қатысуымен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Аталған іс-шара барысында білім саласының қызметкерлерін төл мереклерімен құттықтап, жетістікке жеткен ​ ұстаздарды аудан әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапаттады. ​

 

Қазіргі таңда ауданда орта білім беру ошақтарында 2 230 мұғалім, 20821 оқушыға озық білім мен тәлім-тәрбие беруде. Жоғары​ білімі бар мұғалімдер-2111, орта​ арнаулы​ білімі​ бар мұғалім-119. Кәсіби байқуларға қатысқан 43 педагог облыстық деңгейдегі жүлделі орындарға ие болса, 13 мұғалім республикалық деңгейдегі марапатқа ие болды.

 

Оқушылардың жетістіктерін айтар болсақ, 6 оқушымыз облыстық олимпиададан,​ 3 оқушымыз республикалық ғылыми жоба мен пәндік олимпиададан жүлделі орындарға ие болды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында өткізілген «Елбасы медалі» жобасынан орта мектептерден 7 оқушы қола медаль алып, аудан абыройын қорғап шықты.

z-taraz.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.