Қарттар күніне орай полиция бөлімінде ардагерлерге құрмет көрсетілді

0

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті отырысында 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіліп, қарияларымызға құрмет көрсетіліп келеді.

Айтулы күнге орай, Сарысулық полицейлер кездесу өткізді.

Кездесуге полиция бөлімінің бастығы, ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

Өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде алып бәйтеректей бір әулеттің ақылшы тірегі, ұжымның арқа сүйер ардагерлерін Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов құттықтап, оларға алғыс білдіріп, сый-сияпаттар тарту етті.

Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.