Жамбылдық билер бітімгершілікті қолдайды

0
Жамбыл ауданының орталығында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Медиация — бітімгершілікке әкелетін жол» атты Жамбыл аудандық билер кеңесінің семинар-кеңесін ұйымдастырды.
Алдымен облыстық, аудандық ардагерлері мен билері жиналып, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен бірге Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты.
Мұнан соң зиялы қауым өкілдерінің семинар-кеңесі аудандық Жастар ресурстық орталығында жалғасын тапты.
Семинарда облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, Жамбыл, Талас және басқада ауданның билері, аудандық сот жүйесінің медиацияға жауапты өкілі баяндама жасап, өзекті сауалдарды алға тартып, толымды жауап қайтарды.
Семинарды облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев ашып жүргізіп отырды.
Семинар мақсаты билер кеңесінің жұмысын жетілдіру, араздасу, ажырасу сынды қоғамға жат қылықтың қатарын азайту, аталы сөздің мән-мағынасын ашу.
Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.