Ауылдықтардың арманы орындалар күн жақын

0
Ауданымызда өткен және ағымдағы жылы ауыз толтырып айтатындай құрылыс жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілуде. Мәселен, өткен жылы аудан орталығынан заманауи спорт кешені салынып, бұрын жатақхана болған нысан күрделі жөндеуден өтіп, «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы» болып пайдалануға берілген еді.
Ал Қаракемер ауылында 90 орындық клуб, Жалпақтөбе ауылында 180 орындық Мәдениет үйі, Аса ауылында 76 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй, Ш.Ниязбеков ауылында Ту тұғыры аллеясы, Жамбыл ауылында білім ордасы бой көтерді. Ақбұлым, Бәйтерек, Жасөркен, Қызылқайнар, Қаратау және екі жылға жоспарланған Шоқай ауылына сапалы ауызсу жүйесі жүргізілді. Ал Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ ауылдарына ауылішілік газ құбыры тартылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Аса ауылындағы жаңа тұрғын үй алқаптарына кәріз құбырының, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Өрнек ауылында 140 орындық Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ал Жұма стансасы, Ерназар, Өрнек, Шайдана ауылдарына осы бағдарлама аясында газ кіргізілуде.
Сондай-ақ аудандағы 6 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге қаражат қарастырылып, оның 4-еуі «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде қолдау тапты. Бұдан бөлек, 12 мектепке ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, Бесағаш пен Түрксіб ауылдарын таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2 миллиардқа жуық қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.