Кезекті комиссия отырысы өтті

0
Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті комиссия отырысы өтті.
Комиссия қарауына негізгі төрт мәселе енгізілген:
1. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы және туындаған мәселелер туралы.
2. Полатқосшы ауылдық округіндегі деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды оңалту немесе қоғамға бейімдеу жұмыстарының нәтижесі және ауыл тұрғындары арасында жүргізілген ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының тиімділігі туралы.
3. ТҚК алдыңғы отырыстарында қабылданған хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы.
4. Мемлекеттік шекарадағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл туралы.
Бірінші мәселе бойынша сөз Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәмбетов Мадияр Әбілханұлына беріледі.
Екінші мәселе бойынша сөз Полатқосшы ауылдық округінің әкімі – Данаев Ержан Әлімжанұлына беріледі.
Үшінші мәселе бойынша сөз Жамбыл ауданының терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы – Телеуов Жомарт Тешебайұлына беріледі.
Төртінші мәселе бойынша сөз ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы Абдрахманов Дильмурат Пидажамулына беріледі.
Комиссия отырысы барысында көтерілген мәселелер хаттамаға түсіріліп, жауапты орындаушыларға жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.