Айшабибіде ауыз толтырып айтарлық жұмыс істелуде

0
Қасиетті Айшабибі өңіріне биыл қомақты қаражат қарастырылып, жұртшылыққа қолайлы орта қалыптастырылуда.
600 орындықты Айшабибі атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жер кезегінде тұрған 382 азаматқа ауылдан жер телімін үлестіру үшін инфрақұрылым желілері жүргізілуде. Бұдан бөлек 300 орынды жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл қажеттіліктің барлығы айшабибіліктердің көптен бергі сұранысы болатын.
Тағы айта кетерлік жайт, аудан әкімі Сәкен Арубаевтың жыл қорытындысы бойынша 2 ақпан күні өткен кездесуінде ауыл азаматтары жоғарыдағы және басқада сауалдар легін жолдап, орындалуына күш жұмсауын өтінген болатын.
Ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиында Айшабибі орта мектебінің директоры Бахыт Шертаева: » Ауылда республикалық маңызы бар Жібек жолы көшесі орналасқан. Ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары жол жегінде жаяу жүргіншілерге арналған тратуардың жоқтығынан жол жиегімен жүреді. Осы жайтқа назар аударуыңызды сұраймыз, — деп сауалын жолдаған болатын.
Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтып, ағымдағы жылы жұмыстар тиянағын табатынын тап басып айтқан болатын.
«Бүгінде Жібек жолы көшесіне ұзындығы 2 шақырымды, ені 1 метр 30 см құрайтын жол жегі толықтай асфальттануда. Айя-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған игілікке 27 млн теңге қаралып, бүгінде жұмыстың 70 пайызын аяқталды»,- дейді ауыл әкімі Дәрмен Дәулетов.
«Сөзден — іске» демекші, ауыл азаматтарының ұсыныс-пікірі орындалып жатқаны жергілікті билікке деген сенімнің арта түсетініне өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.