Жамбылда жол жолақтары жаңартылуда

0
Жамбыл ауданына қарасты Құмтиын, Өрнек, Ерназар, Шайдана, Ащыбұлақ, Рахат, Тастөбе ауылдарына апаратын жолдардың жолақтары мен жол белгілерін жаңарту, қайта сызу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбековтың айтуынша, жұмыстар жуық күндері аяқталады.
– Көлік жүргізушілері үшін жол сызықтары маңызды рөл атқарады. Жолдың қарсы бетіне шықпау, қас қарайғанда жүру бағытының анық көрінуіне жолақ сызықтардың айшықталып тұруы керек. Апта аралығында 60 шақырымға жуық жолдың белгілері жаңаратын болады, – дейді Елдос Қыдырбекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.