Жобалық кеңсенің жемісті жұмысы көп

0

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен «Шу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып, департаментпен бірлескен жұмыстар атқарылуда. «Шу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «Адал көмек» жобасы аясында бекітілген жоспарға сәйкес 48 тікелей эфир ұйымдастырылды. Аталған эфирде мемлекеттік орган басшылары, ауыл әкімдері, заңгерлер, нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылар, мекеме басшылары тұрғындарды жиі мазалайтын сұрақтар бойынша консультативтік кеңестер беріп, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар аудан тұрғындары арасында 5 рет блиц сауалнама жүргізіліп, жобалық кеңсенің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды. 2021 жылдың сәуір айында «адалдық елшілері» еріктілер тобы құрылып, тиісті чат ашылды.«Парасат жолы» жобасы бойынша әр аптаның жұма күндері белсенді қауым, жастар және қоғам қайраткелері мен мектеп педагогтерінің қатысуымен 12 кездесу өткізілді.

«Шу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары саналатын салаларға арнайы зерделеу жүргізіп, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруда. Атап айтқанда жобалық кеңсенің қызметкерлері ҰБТ жұмысына тұрақты бақылаушы ретінде енгізілді, коронавирус індетінің алдын алу бағытында құрылған мониторинг топтың құрамына кірді. Сондай-ақ,  «Сапалы жол» жобасы аясында жөндеуден өткен 11 автомобиль жолдарына зерделеу жұмыстары жүргізіп,  6 көше жолынан кемшілік анықтап, ұсыныстар енгізді. Аудан әкімі аппараты қызметкерлері тарапынан әкімдікке 3 мекемеге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ішкі талдау жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті ұсынымдар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.