Әлеуметтік бағдарламалар үйлесімді жүзеге асырылуда

0

Шуда ағымдағы жылдың   соңына дейін   4388 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар белгіленген. Алты айдың қорытындысы бойынша 3258 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.Әлеуметтік жұмыс орнына 54 адамға, жастар практикасына 74 жасқа, ақылы қоғамдық  жұмысқа 936 адамға жолдама берілген. Жыл басынан 734 отбасыға (3683 адам) жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Кепілдендірілген  әлеуметтік  пакетпен атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындардың 1-6 жас аралығындағы 967 баласына 20 миллион 508 мың теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.