Мәдениет пен спорт саласына айрықша көңіл бөлінуде

0

 Бүгінде ауданда 45 мәдени орын бар. (оның 20-сы мәдениет үйі мен клубтар, 25-і кітапхана). Аталған мәдениет ошақтарында ағымдағы жылдың 6 айында 342 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылған. 35100 (6750 онлайн қаралым). Биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қонаев ауылындағы 180 орындық клубтың құрылысына және Балуан Шолақ ауылдық клубы мен аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінген.

 Халықты бұқаралық спортқа тарту бағытында жылдың басынан 53 спорттық іс-шара ұйымдастырылған. Ауданда спортпен тұрақты шұғылданатын тұрғындар 35 пайызды  құрайды. Ағымдағы жылы замануи үлгідегі 5 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қосымша тағы Шоқпар, Ақтөбе ауылдарындағы  спорт алаңшалары   пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шу қаласындағы 7,5 мың тұрғыны бар Қант зауыты мөлтек ауданында  саябақ ашылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.