Мониторингтік топ 229 рет рейдке шыққан

0

Биыл Шу ауданда әкімдік жанынан құрылған  5 мониторинг топ қаңтар айынан 23 тамызға дейін 229 рет рейдке шыққан. Топ мүшелері 1047 нысанды тексеріп, 96 заң бұзушыны анықтаған. Сонымен 96 тұлғаға ( 88  жеке тұлға, 2 лауазымды  тұлға, 6 — жеке кәсіпкер) 6 млн 534 мың 080  теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Мониторингтік топ мүшелері былтыр мамыр-желтоқсан аралығында 243 рейд ұйымдастырылып, 1021 нысан тексерілген. Нәтижесінде 190 заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде: 103 нысанға ескерту беріліп, 11 нысанның жұмысы тоқтатылды. 29 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 60 нысанға 7,7 млн. тг (өндірілгені 7,7 млн тг) көлемінде айыппұл салыныпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.