Шуда қосымша 20 инфекциялық төсек қоры дайындалады

0

Шу ауданында 32 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді (аурухана — 2,  емхана –2,  дәрігерлік амбулатория – 14,  ФАП — 6, МП – 7, туберкулезге қарсы бөлімше-1). Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы — 180 төсек қоры жасақталған(Шу қаласында – 80, Аудандық орталық ауруханасында  100  —  инфекциялық төсектер жасақталған). Эпидемиологиялық жағдайға байланысты вирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін қосымша резерв ретінде 20 инфекциялық, оның ішінде 2 реанимациялық төсек қоры қойылады.

 Бүгінде аудандағы медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдары бойынша қор жеткілікті.

 Коронавирус инфекциясының алдын алуға демеушілерді тарту жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуда. Бүгінде демеушілер тарапынан жалпы сомасы 52,5 млн теңгеге медициналық қажетті заттар  алыныпты. Сонымен қатар, Каспий банктің демеушілігімен ауданға 4 жедел жәрдем көлігі жеткізілген. Сондай-ақ ИВЛ аппараттарының саны 15-ке артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.