Автомобиль жолдарына 730,2 млн. теңге бөлінді

0

Аудандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 840  шақырымды құраса, оның ішінде негізінен жағдайы нашар республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 118 шақырымды құрап отыр. 2020 жылдан бастап Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Сәуір айында ауданда облыс әкімі және ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі жұмыс сапарымен болып, мердігерлерге 2021 жылдың қыркүйек айында Шу-Бурылбайтал және Меркі-Шу автожолын пайдалануға беруді тапсырды. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жол мәселесі шешімін табатын болады.

Биылғы жылға автомобиль жолдары саласына 730,2 млн теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:  жергілікті бюджеттен  316,3 млн теңге,  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен 413,9 млн. теңге қарастырылды. Аталған қаржыға Шу қаласы мен ауылдық елді-мекендердің 25 көшесіне орташа және ағымдағы  жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.