Қамбаны астыққа толтырып, мал азығын жинауға кедергі жоқ

0

Аудандардың экономикалық ахуалына ауыл шаруашылық саласы айтарлықтай әсер ететінін белгілі. Жыл сайын осы мәселені алдыңғы қатарға қоятын Шу ауданының шаруалары 126 931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызған.  Осылайша егістік жерді пайдалану көрсеткіші жүз пайызға орындалған. Өнімді еселеп алуды көздеген шаруалар 7 560 гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын орнатқан. Осылайша озық үлгідегі техникаға қосылған алқаптың көлемі 2060 гектарға ұлғайған. Аудан бойынша су үнемдеу технологиясын орнату бойынша «Қызылша» жауапкершігілі шектеулі серіктестігі белсенділік танытып отыр. Алдағы уақытта бұл қатарға тағы бірнеше серіктестік қосылып, көш басына шықса, ауыл шаруашылығында серпіліс болғалы тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.