Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінде оң динамика қалыптасқан

0

Биыл қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша
Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өсім байқалады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 104,1 пайызға, өнеркәсіп саласы 101,2 пайызды құраған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының өнімі 102,7 пайызға, құрылыс жұмыстары 103,9, ал пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 111,9 пайызға орындалған. Қаржы игеру көрсеткіші 99,3 пайыз болса, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ауданда 43,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.