Жұмыспен қамтылғандардың көрсеткіші жоғары

0

Ағымдағы жылдың   соңына дейін   4388 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген. 6 айдың қорытындысымен 3258 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Бұл  74,2 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орнына 54 адамға, жастар практикасы бойынша 74 жасқа, ақылы қоғамдық  жұмысқа 936 адамға жолдама берілді. Тағы бір айта кетерлігі, жыл басынан  бері 734 отбасыға яғни 3683 адамға   жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Кепілдендірілген  әлеуметтік  пакетпен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы 967 балаға 20 млн. 508 мың теңгем көлемінде көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.