Мәдениет пен спорт маңызды орынға ие

0

Қазіргі таңда ауданда 45 мәдени ошақ халыққа қызмет етуде. Олардың 20-ы мәдениет үйі мен клубтар, 25-і кітапхана. 2021 жылдың 6 айында 342 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, 35100 көрермен қамтылған. Ағымдағы жылға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Д.Қонаев ауылындағы 180 орындық клуб құрылысын жүргізуге және Балуан Шолақ ауылдық клубы мен аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді.

Халықты дене шынықтырумен спорт саласына қамту бағытында жылдың басынан 53 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға 13452  адам  тартылды. Тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар 35 пайызды яғни 34 715 адамды құрап отыр. Сонымен қатар  ағымдағы жылы заманауи үлгідегі 5 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қосымша Шоқпар, Ақтөбе ауылдарында  спорт алаңшалары   ел игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шу қаласындағы 7,5 мың тұрғыны бар «Қант зауыты» ықшам ауданында  саябақ ашылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.