Екпе алуға асыққандардың қарасы қалың

0

Қауіпті індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы екпе екені белгілі. Осы мақсатта осы жылдың 5-наурызынан бастап ерікті түрде COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салу басталды. Аудан бойынша 18 жастан жоғары 49 226 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланған, қазіргі таңда олардың 56,8% немесе 27 943 тұрғын екпемен қамтылған. Нақтырақ айтсақ, олардың  38 пайызы немесе 8022 тұрғын Шу қаласы, 70, 8 пайызы яғни 19921 тұрғын Төле би мен қалған ауылдық окргутерге тиесілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.