Медициналық ұйымдар құрал-жабықтармен толықтай қамтылған

0

Бүгінгі таңда ауданда медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдары бойынша жеткілікті қор бар. Әсіресе, жеке қорғану құралдарының қоры таусылғанға дейін орта  есеппен 2 айға жеткілікті. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының алдын алуға демеушілерді тарту жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге демеушілер тарапынан жалпы сомасы 52,5 млн теңгеге медициналық қажеттіліктер  алынды. Оның ішінде 49 дана оттегі концентраторы аппарат, 165 дана пульсоксиметр бар.  Сонымен қатар,  Каспий банктің демеушілігімен ауданға 4 жедел жәрдем көлігі алынған. Осы орайда аудандық ауруханада 10, қалалық ауруханада 3, қалалық емханада 2 ИВЛ аппараты бар екенін айта кеткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.