Ауызсу мен газ тұрғындарға қол жетімді

0

Аудан бойынша Шу қаласы және 24 ауылдық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы Шу қаласындағы «Қосқұдық» мөлтек ауданына және  Оразалы батыр ауылын  ауыз сумен қамтамасыз етуге қаржы бөлінген болатын. Нәтижесінде Оразалы батыр ауылында жұмыстар аяқталса, «Қосқұдық» ықшам ауданындағы жұмыстар жыл соңына дейін тәмамдалатын болады. Сонымен қатар Ақтөбе, Төле би ауылына кіреберіс сол жақ беткейі, Шу қаласы «Қант зауыты» ықшам ауданы, Енбекші ауылдарын ауыз сумен қамту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама  әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынуда. Соған орай Көкқайнар ауылына 262,5, Сауытбек ауылына 186,3, Көктөбе ауылына 760,0 млн теңгеге ауыз су құбырын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім  берілген. Мұнымен қоса, қазіргі уақытта аудандағы Шу қаласы, Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек сынды 12 елдімекен толық газдандырылған. Ал газдандыру жоспарына енгізілген 18 елді мекеннің 11-не магистралды газ құбыры салынып, ШРП-лар орнатылады. 2022 жылы қалған 7 елді мекенге газ құбыры тартылады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.