Жол сапасы – басты назарда

0

Аудандағы автомобиль жолдарының ұзындығы 840  шақырымды құраса, оның ішінде негізінен жағдайы нашар республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 118 шақырымға жетеді. 2020 жылдан бастап Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолының құрылыс жұмыстары басталған болатын. Сәуір айында ауданда облыс әкімі және ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі жұмыс сапарымен болып, мердігерлерге 2021 жылдың қыркүйек айында Шу-Бурылбайтал және Меркі-Шу автожолын пайдалануға беруді тапсырған болатын. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың мәселесі  түбегейлі шешімін табатын болады.

Биыл автомобиль жолдары саласына 730,2 млн теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен – 316,3 млн теңге,  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен – 413,9 млн. теңге қарастырылып отыр. Аталған қаржыға Шу қаласы мен ауылдық елдімекендердің 25 көшесіне орташа және ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.