Кәсіпкерлікке бөлінген қаржы жыл сайын артуда

0

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы сомасы 970,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде,  «Еңбек» бағдарламасы аясында 65 адам 246,2 млн теңге шағын несие алса,
607 азаматқа 350,0 млн теңгеге өз кәсібін бастауға қайтарымсыз грант берілді.Сонымен қатар  «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 39 жеке кәсіпкер 327,9 млн. теңгеге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 3 кәсіпкер  46,5 млн. теңге несиеге қол жеткізді.  Соның нәтижесінде өңірдегі жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны 7102-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш бұдан да ұлғаятынына сенім мол.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.