Ауыл шаруашылығы қарқын алуда

0

Аудан экономикасының негізгі қозғаушы саласы – ауыл шаруашылығы екені белгілі. Биылғы жылдың өнімі үшін 126 931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 10 084 гектарға сүр айдалды. Соның нәтижесінде жер пайдалану көрсеткіші 100 пайызға  орындалған. Бұлардан бөлек, 7 560 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда  мұндай алқаптар саны   2060 гектарға ұлғайған.  Бұл ретте ауданда су үнемдеу технологияларын тиімді пайдаланып, егін шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарған «Қызылша» ЖШС-ін ерекше атап өткен жөн. Бұл да негізгі саланың қарқын алғанын көрсетеді. Қазақтың ата кәсібі саналатын – мал шаруашылығында барлық түліктер санатында және өнім түрлерінде өсім қалыптасқан. Соның нәтижесінде осы кәсіпке түбегейлі бет бұрушылардың саны жыл сайын артып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.