Көрсеткіштер көңіл қуантады

0

Тәуелсіздіктің 30 жылында елдімекендердің тынысы кеңейіп, тамырына қан жүгірді. Шалғай ауылдарға да инфрақұрылым жүйелері тартылып, салаларға серпін берілді. Осы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отырғаны – сол сөзіміздің айғағы. Айталық, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 104,1 %-ке, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 101,2%-ке, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 102,7%-ке, құрылыс жұмыстары 103,9%-ке, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 111,9%-ке, қаржы игеру көрсеткіші 99,3%-ке орындалған. Қаңтар-шілде айларының қорытындысымен  ауданда 43,4 млрд. Теңгенің өнімі өндірілді.  Биылғы жылға ауданымызға барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 5,7 млрд теңге қаражат бөлініп, 57 жоба іске асырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.