Жанашырлыққа жан риза

0

Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімі идеологиялық жұмыс жоспарының 10-тармағын іске асыру мақсатында этномәдени бірлестіктермен бірлесіп «30 игі іс» қайырымдылық марафонын ұйымдастыруды қолға алған болатын.
Мерекелік іс-шаралардың идеологиялық мазмұны отбасы институтын нығайтуға, некенің ұлттық құндылықтарын насихаттауға, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз етуге, қоғамның оң имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ басқа да әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қайырымдық іс-шаралардан қалыс қалған емес. Алдымен ұжыммен бірлесе халықтың қауқарсыз аз қамтылған отбасы тобына қамқорлық ұйымдастыру мәселесі пысықталды. Нәтижесінде әлеуметтік көмекке зәру көпбалалы және толық емес отбасылар анықталып, азық-түлік пакеттері таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.