Қор болмасын қорғансыз жан

0

Шу аудандық сотында судья Ж.С.Саржанов, Шу аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ бастығының орынбасары С.С.Абдрахман, полиция қызметкерлері О.О.Садырбаев, М.С.Сапахов, А.Мусабеков, Б.М.Бакбергенов, Б.А.Хожахметов, Н.М.Татыбайдың қатысуымен «Тұрмыстық зорлық — зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс шарада баяндама жасаған судья Ж.Ж.Саржанов дөңгелек үстелдің мақсаты қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және оған қарсы күрес, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту екенін атап өтті.
Судья өз сөзінде Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық – зомбылық түрінде болуы мүмкін екенін түсіндіріп кетті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, алдағы уақытта ынтымақтаса отырып, бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.