Арам пиғылдылардан абай болыңыз!

0

Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған ұрлықтың бір нысаны. Заңда ол бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау, не сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік құқық алу ретінде белгіленген. Бұл іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі сонда, оны жасаудың нәтижесінде меншік құқығы бұзылады.
Алаяқ пен жәбірленушінің арасындағы сенімдік қатынастың негізінде тең құқықтық негіздеме ғана емес, сонымен қатар сенімдік қатынасты тудырған өзге де мән-жайлар, мысалы: жеке таныстық, туыстардың ұсынысы, қалыптасқан нақты жағдай, т.б. әсер етеді.
Алаяқтықтың объективтік жағының өзіне тән ерекшелігі сонда, жәбірленуші қателескендіктен алаяққа мүлікті немесе мүлікке құқықты өз еркімен береді.
Мүліктің өтеуі, сырттай қарағанда, тараптардың келісімі, мәміле сияқты болып көрінеді. Бірақ, мұндай мәміле заң талабын қанағаттандырмайды, себебі ол жәбірленушінің еркіне қарсы жасалған. Өзге адамдардың меншігіне қол сұғушылық, қолданыстағы заңнамалармен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.
Алайда, заң талаптары қатал болғанымен жеке адамның меншігіне қарсы қылмыстар қоғамымызда тыйылар емес, алысқа кетпей-ақ, өзіміздің ауданда да осындай қылмыстар орын алуда.
Аудан тұрғындарына алаяқтардың арбауынан сақ болуларын ескерткім келеді.

С.АБДИКУЛОВ,
Шу ауданаралық прокурорының орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.