Екпе салдыруға шақырамын!

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы.

Вакцина салдырып, иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңіп, барлық шектеулер алынып, халық қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралмақ.

Осыны түсіне отырып аудан тұрғындары коронавирусқа қарсы екпе алып жатыр.

Мен де ерікті түрде екпе ектірдім. Екпе салдырудан алдын денсаулығымды тексертіп алдым.

Дене қызуым, қан қысымым барлығы қалыпты жағдайда болып, екпеге рұқсат етілді.

Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді.

Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет ететін боламын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше.

Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз.

Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз.

Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз!

Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын!

АҚЕРКЕ ЖАНАБИЛОВА, САРЫСУ АУДАНЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.