Жақындарымызға жанашыр болайық!

0

Елімізде жайлаған індет бүгінгі күні барша халыққа зардабын тигізуде.

Адам өмірі және денсаулығы ең басты құндылықтардың бірі.
Қазіргі таңда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалдың күннен күнге күрделеніп, жұқпалы вирусты індет кең таралуда.

Ел болып індетті тоқтатуды қолға алмасақ, ешқандай шектеу карантиндері нәтиже бермейді.

Жасыратыны жоқ, барлығы өзімізге байланысты соңғы уақытта бейқам жүрген жандардың қатары көбейген.

Қазіргі таңда жүргізіліп жатырған қауіпсіздік шараларының барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар.

Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуымыз керек.

Індетке қарсы күресте бірлігімізді танытып, жиын-той, ас беру, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруымыз қажет.

Жеке адамның жауапкершілігі — жалпы халықтың саулығының негізі.

Тұрғындарымыз күнделікті қарым-қатынаста қарапайым санитарлық қауіпсіздікті сақтауды үнемі назарда ұстап және екпе алуды сұраймын.

Қадірменді ағайындар!

Халқымызда «Ынтымақты ел – ырысты ел» деген жақсы сөз бар. Сабыр сақтап, қалыпты өмірге тезірек оралуды ойласақ, екпе алып, карантин талаптарын қатаң сақтайық!

Ең бастысы жақындарымыздың денсаулығы мен амандығы өзіміздің қолымызда екенін естен шығармайық.

Жақындарымызға жанашыр болайық!

Асхат Алметов, Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.