Жолдау жаңа леп, тың серпіліс береді

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тыңдадық. Мемлекет басшысының ел болашағын айқындайтын жаңа Жолдауының маңызы мен мәні ерекше әрі аса ірі тарихи оқиға деп есептеймін. Себебі, аталған маңызды құжатта Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар маңызды салаларға қатысты нақты шешімдер қабылдағанын байқадық.
Әсіресе ауылшаруашылығы саласына қатысты жаңа бетбұрыстардың орын алатыны белгілі болды. Атап айтқанда, асыраушы саладағы субсидия мәселесі қатаң бақылауға алынбақ. Осылайша, барлық деңгейдегі субсидиялау ашық әрі қолжетімді бола түспек. Биылғы жылы еліміздегі қуаңшылықтың салдарынан кей өңірлерде жем-шөп тапшылығы орын алып, арты мал шығынына апарып соққанын көрдік. Президент өз Жолдауында осы мәселені де назардан тыс қалдырмай, министрлікке алдағы уақытта жем-шөп алқабын кеңейтуді тапсырды. Сонымен бірге қосалқы шаруашылықтарды да жайылымдық жермен қамту керектігін ескертті. Бұдан бөлек, дәл осы салаға қатысты батыл шешімдердің қабылданатыны айтылды.

Е.ДОСЫМБАЕВ,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.