Кронавирустың төртінші толқынына дайындалып жатыр

0

  Румыния коронавирус індетінің төртінші толқынына дайындалып жатыр.

Себебі тұрғындар екпе салдыруға енжарлық танытып, вакциналау науқаны баяу жүруде. Салдарынан елде індет қайта өршіп, ауруханаларда науқастар саны артқан. Мамандар қазан айында күн сайын 20 мыңдай адам вирус жұқтыруы мүмкін деп отыр. Айта кетейік, Румынияда қазірге дейін халықтың 34%-і ғана егілген. Бұл Еуроодақтың өзге елдеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.