Димаш Азияның ең сымбатты ер адамы рейтингінде 1-орынға шықты

0

Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген King Choice сайтының «Азияның ең тартымды 100 азаматы» (THE 100 MOST ATTRACTIVE ASIAN CELEBS 2021) рейтингінде бірінші орынға шықты. Отандасымызға 5 834 405 адам дауыс берген.

Ал алғашқыда көш бастап тұрған Оңтүстік Кореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin) енді екінші орында. Ол 5 804 655 дауысқа ие болған.

Үшінші орында тайлық актер Вин Метавин (Win Metawin) тұр. Оның еншісінде — 1 455 784 дауыс.

Дауыс беру 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Димашқа осы сілтеме арқылы дауыс бере аласыз.

Бұған дейін, Jas Otan жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желіде Димашты қолдау мақсатында #JasOtanQoldaidy акциясын бастады.

Айта кетейік, Димаштың бұған дейін «Азияның ең танымал әншісі» аталымы бойынша Қытайдың Top Chinese Music Awards жүлдесімен, «Ең үздік шетелдік шығармашылық жыл тұлғасы» аталымы бойынша MTV Global Chinese Music Awards жүлдесімен, сондай-ақ, Қытай мен Қазақстанның «Достық елшісі» жүлдесімен марапатталған еді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.