Қолөнер туындыларының «Үміт-2021» байқауы өтті

0

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-152/2 мекемесі сотталғандар арасында суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының “Үміт-2021” байқауын өткізді.

Жазасын өтеушілер арасында “Үміт-2021” байқауының ұйымдастыруының басты мақсаты – сотталғандарды эстетикалық талғам және қоршаған ортаға қайырымды қарым-қатынасты тәрбиелеуге ықпал ететін, сотталғандарды табиғат сұлулығы, өнер, әдебиет, кескіндеме шығармашылықтары жөнінде түсініктердің дамуына бағытталған, эстетикалық тәрбиелеу болып табылады.

Байқауға жазасын өтеушілердің сурет пен қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды. Әр жазасын өтеуші өздері дайындаған суреттер мен бұйымдарына түсіндірме беріп, өз ойлары мен ішкі сезімдерін толық жеткізе алды. Әр қатысушы байқауға белсене қатысып, үлкен жауапкершілікпен қарады.

Байқау қорытындысы бойынша С. Сатынның еңбегі үздік деп танылды. Т. Камалов жүлделі ІІ орынды иеленсе, И. Пантюховтың қолөнер туындысы ІІІ орын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.