Жансерік Қадырбаев: Өмірімде қызбен жүріп көрмедім

0

Танымал блогер, кәсіпкер Жансерік Қадырбаев жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді. Нәзік жандылар қызыға қарайтын 22 жастағы жігіт өмірінде қызбен жүріп көрмегенін мәлімдеді. Ол НТК арнасының Taboo бағдарламасына сұхбат берді.

«Қыздармен жүріп көрмедім. Қыздар ұнайды, ол жағынан бәрі жақсы. Ал жалпы сөйлесемін, араласамын. Бірақ қыз-жігіт ретінде кездесіп көрмедім», – деп ағынан жарылды Қадырбаев.

Осылай дегенімен, блогер жігіт жуырда Дамеля есімді арумен көзге түскен. Қадырбаев ол қызбен жақсы араласатынын, Медеуге, азық-түлікке бірге барғанын мойындады. Бірақ: «Жүріп жүрсем, солай айтамын. Маған жай көшеде қызбен жүруге болмай ма? Нақты болса, өзім айтамын. Болашақ жарым ретінде көрген кезде, өзіме 100 пайыз сенімді болған кезде, хабарлаймын», – дейді Жансерік.

22 жастағы жігіт отау құруға асықпайтынын жеткізді. Алайда анасы ертерек келін түсіруді қалайтын көрінеді.

«Анам көктемде үйлен деп жатыр. «25-ке дейін жүрмедік па?» деймін», – деп қалжыңдады блогер.

Қадырбаев болашақ жарының саналы болғанын қалайды. Одан өзге қояр артық талабы жоқ. Бастысы, ата-анамды сыйлап, балаларымды тәрбиелеп отырса, жұмыс істеуіне де қарсы болмайтынын айтты.

«Саналы жар кез келген уақытта ақылмен шешеді. Ертең ата-ене бар, екеуміздің арамыздағы қарым-қатынас бар. Сол жерде жол беретін жерде жол беріп, керек жерде ақыл айтса, маған жетеді.

Ата-анаға қарап, мені сыйлап, балаларды күшті тәрбиелеп, әдемі болып жүрсе болды. Ақша табу жағын маған қалдырсын. Жұмыс істеймін десе, істесін. Мүмкін орындалмай қалған армандары бар шығар?! Бастысы, үлгерсе болды.

Таңнан кешке дейін үйде отыр, жұмыс істеме деп ешқандай шектеу қоймаймын», – дейді Жансерік. «Қазір талап қоя алмай отырған себебім, алдымен өзім соған сай болуым керек. Оған үй, көлік алып, дайындалып жатырмын.

Алдағы уақытта не болатынын, кім болатынын білмеймін. Бұйырғаны. Адалынан болса… «Тең-теңімен» дейді ғой», – деп жан сырын ақтарды Қадырбаев.

 

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.