ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ — ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ БАСТЫ ҚҰРАЛ

0

Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі саналады.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Самғат Мутанов және дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Арман Сәрсенбаев және дін проблемаларын зерттеу орталығының Т.Рысқұлов ауданының инспекторы Нұрсұлтан Шәмшіхан Т.Рысқұлов ауданында ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және аудан жастары, мектеп оқушылары мен студенттер, медицина саласының қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын Құлан ауылында орналасқан аудандық орталық базар, сауда орталықтары мен дүкендерінде 200 дана ақпараттық танымдық ақпарат жазылған бүктеме қағаздар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Мөлдір Тастанбек
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.