Желіде қазақстандық мектептерде «вакцина шашады» деген қауесет тарады

0
Желіде қазақстандық мектептерде «вакцина» шашады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Автордың айтуынша, осыдан кейін бүкіл елде балалар ауырып, жаппай өлім дерегі көбейеді.

What‘sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орын дайын екені туралы аудио-хабарлама тарап жатыр. Автордың айтуынша, мектептерде «вакцина шашылғаннан» кейін, балалар жататын төсек-орын қажет болады. Балалар жаппай ауырып, өле бастайтыны айтылады.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

«Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орын дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде керісінше, сырқаттанушылық төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылып жатыр. Сондай-ақ, бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ», — деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық оқушылар мен студенттер 20 қыркүйектен кейін онлайн білім алуға көшетіні туралы жалған ақпарат тарағаны хабарланған болатын.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.