Алматыдағы атыс: үй айналасындағы қоршау әлі алынбаған

0

Алматыда 20 қыркүйекте атыс болған үйдің айналасындағы қоршау әлі алынған жоқ.

Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына барды. Журналистің айтуынша, полиция қызметкерлері үйді қоршауға алып, кезекшілікті жалғастырған.

«Қазіргі уақытта үйдің алдында Алатау облысы Полиция департаментінің бастығы бастаған 5-7 полицей тұр. Фото және видео түсірген ондаған журналистің кетуін сұрап, қоршау аумағын кеңейтіп қойған», — деді тілші.

Сурет: Шоқан Алхабаев

Журналист қайғылы оқиға болған үйді де түсіріп үлгерді.

Үйдің аумағында кем дегенде екі полиция қызметкері, әйел мен ер адам жүр. Олар шамасы, алматылық атқыштың әйелі мен баласы.

Айта кетейік, 20 қыркүйекте кешке 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.