Олжас Сүлейменов: Қала атауын халықпен санаспай-ақ, 5 минутта ауыстыруға болады

0

Оның бұл пікірді айтып келе жатқанына неше жыл. Ақын енді бұл идеясын жүзеге асырудың таптырмас жолын айтыпты. Тіпті, халықты мазақ еткенмен бірдей дерсіз. «Байырғы Алма-Ата атауына қайта келу керек. Кейде қаланы халықпен санаспай-ақ 5 минутта ауыстыруға болады», – деді «Вечерний Алматы» газетіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол, «Біз бүгін мұны әуелі қазақстандықтар, алматылықтар, көпшілікпен ақылдасып шешу керек екенбіз. Егер президент халықты естісе, естиді, онда бұйрыққа қол қою керек болса, қояды. Меніңше, қаланың мерейлі жасына қарсы Алма-Ата атауы оралуы керек. Біз 1991 жылдан бастап жаңа атаудан бас тартып, ескісіне оралдық. Сондықтан осыны ескеріп, ескі Алма-Ата атауын қайта алып келейік» депті О. Сүлейменов.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.