«Қайраттың» бұрынғы бапкері Германиядағы қызметінен қуылды

0

«Эрцгебирге» клубының басшылығы Алексей Шпилевскийді қызметінен босатты.

Клуб басшылығы аталмыш шешімді «Падерборннан» (1:4) оңбай ұтылған соң қабылдап отыр. Шпилевский неміс командасымен жеті ойында небәрі 3 ұпай еншілеген болатын. Соның салдарынан «Эрцгебирге» турнир кестесінде 18 орынға түсіп қалды. Еске салайық, беларуссиялық маман осыған дейін Алматының «Қайратын» жаттықтырды. Өткен жылы «халықтық» командамен бірге Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.