Хоккей лигасында гол жіберіп алған қақпашы қорғаушыны ұрды

0
Қазақстандық қақпашы қорғаушыны ұрды. Оқиға қазақстандық хоккей лигасының «Ақтөбе» мен «Торпедо» арасындағы матчінде болды.Өскемендік қақпашы Антон Осокин гол жіберіп алғаннан кейін команда қорғаушысы Кирилл Индюковты ұрып жіберген. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды.

Матч 7:2 есебімен «Ақтөбе» пайдасына шешілген.

Бұл жеңістен кейін «Ақтөбе» тоғыз ұпаймен үшінші орында, ал алты ұпайы бар «Торпедо» алтыншы орында тұр. Барлығы 12 құрам жарысқа түскен.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.